377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Құлаған тікұшақты тізгіндеген командир Р.Костыгов өз ісінің шебері болған

  • 236
  • UPD: 20:13, 28.03.2019

Маңғыстау облысының әкімдігі тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына 1 миллион теңгеден көмек береді. Осы оқиға кезінде опат болған 13 адамның 12-сі Ақтаудағы №30153 әскери бөлімінің қызметкерлері.

33 жастағы әуе бортының командирі Роман Костыгов құлаған тікұшақтың тізгінінде болған. Оның жақын досы әрі қызметтесі Юнус Мухудинов қайғылы жағдайға әлі сене алар емес. Ол марқұмның өз ісінің шебері болғанын айтады. Мыңдаған сағат әуеде ұшқан тәжірибесі бар болған екен.

Юнус Мухудинов,  №30153 әскери бөлімінің қызметкері:

 - Қайғылы жағдай туралы командирімнен естідім. Бүкіл әскери бөлімге ауыр тиіп тұр. Романды жаттығуға шығар алдында көргем. Ол үнемі үздік болуға тырысатын. Қаншама жасты тікұшақ басқаруға үйретті. Ол мықты маман ғана емес, аяулы жар, сүйікті әке болды. Роман тірі қалғанда алдағы айда 34 жасқа толар еді.

Тәжірибелі ұшқыш Роман Костыговтың артында 11 жасар ұлы мен қара жамылған әйелі қалды. Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов марқұмның отбасына барып, көңіл айтып шықты.

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

- Осы жерде қызмет еткен азаматтардың барлығының отбасына материалдық тұрғыдан 1 миллион теңгеден қазір көмек көрсетіледі. Оған қоса жерлеу рәсіміне, басқа да көптеген сұрақтарға байланысты толықтай көмек көрсетіледі.

Әуе қорғаныс күштеріне қарасты №30153 әскери бөлімі 2011 жылы құрылған. Бөлімнің қызметкерлері апта сайын әуеде оқу-жаттығуын өткізеді. Апат кезекті жаттығу кезінде болған. Әскерилер мінген тікұшақ Шымкентке жетуі тиіс еді. «Әзірге тікұшақтың құлауына не себеп болғаны белгісіз. Қара жәшік ашылған соң анықталады»,-дейді әскери бөлімнің командирі. Ми-8 тікұшағы өткен ғасырдың 90 жылдары шығарылған.

Жәнібек Жұмашев, №30153 әскери бөлімінің командирі:

- Апта сайын ұшу жаттығу өткіземіз, апта сайын ұшады. Тұрып қалған жағдай болған жоқ. Скл. Ескірген жоқ. Өзінің ремонт етілетін уақыттары бар, ремонт өтті. Капитальный ремонт, авиационный ремонтный заводта. Алматы қаласында. 2014 жылы, ең азы 8 жыл беріледі, гарантийный уақыты болады.

Қаза тапқан әскерилер Алматы, Ақтөбе, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының тумасы. Олардың екеуі ғана бойдақ, қалғаны отбасылы болған. Марқұмдардың ең кішісі 23 жаста.

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Саламат Бекбаев

Телеканал Хабар 24