377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қаламқас кен орнындағы өрттен келген шығын есептеліп жатыр

  • 188
  • UPD: 21:01, 28.03.2019

Мамандар Қаламқас кен орнындағы өрттен келген шығын көлемін есептеп жатыр. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ.

Апат қауіпті болғанмен, экологияға әкелген зардабы аса үлкен емес дейді энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

-Үңгіден шыққан көбіне су мен газ. Мұнай жоқ. Газ толығымен өрттенді. Енді біздің міндетіміз – осы газдың көлемін санап, газ компоненттік құрамын зерттеп, экологияға әсерін есептеп, толық баяндаймыз.

Сондай-ақ Энергетика вице-министрі Сарыарқа газ магистралінің құрылысы жөнінде де айтып өтті. Нұр-Сұлтан қаласында газдың бағасы 50- 60 теңгенің шамасында болмақ. Қазір бас қаланы көк отынмен қамтамасыз ету үшін Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша газ құбырының құрылысы жүріп жатыр. Осының арқасында табиғи газға 740 мың адам қол жеткізеді. Ал 2030 жылға қарай ауаға тасталатын зиянды заттардың көлемі 60-70 тоннаға азаяды.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Қазіргі таңда Астанада қандай тариф болатынын мен нақты айта алмаймын. Дегенмен бұл 50 мен 60 теңгенің арасында болады, деп біз сенімдіміз. Республика бойынша бір тариф болады дегенді растамаймын. Еліміз бойынша ең қымбат газ оңтүстік өңірде. Оңтүстікте 37 теңге шамамен.

– Сонда Астанада екі есе қымбат бола ма?

– Екі есе қымбат емес, 50 теңге шамасында болады.

Телеканал Хабар 24