379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ми-8 тікұшағы құлаған кезде жаңбыр жауып тұрған

  • 257
  • UPD: 22:15, 28.03.2019

Апатқа ұшыраған тікұшақ Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы Бұқарбай батыр ауылынан шамамен 7-8 шақырым жерде Шіркейлі каналының жанына құлаған.

Осы өңірдегі тілшіміз, өткен түннен бері сол оқиға орнында жүр. 

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- МИ-8 тікұшағы құлаған аумақ ну қамысы мен шеңгел қаптаған жер екен. Бұл маңнан егін шаруашылығында маңызы зор Шіркейлі су арнасы ағып жатыр. Әуе көлігі осы арнаның жағалауына жақын жерде апатқа ұшыраған.

Қаза тапқандарды іздеу жұмыстары оңайға соқпағанын да көрдік. Құтқарушылар әр қарыс жерді қалдырмай түгел шолып шықты. Кешелі бері оқиға орнына бірнеше күштік-құрылымдардан 150-дей адам мен 20-ға тарта техника жұмылдырылған.

Олжас Ысқақов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- 17:42-де алғашқы шақырту түсті. 18.02-де алғашқы жедел-жəрдем бригадасы осы жерге жетті. 4 жедел жəрдем бригадасы осы жерде жұмыс жасады. Көмек көрсетілген адамдардың саны жоқ. Бүгінгі таңда тек ғана қайтыс болған адамдарға ғана. Ауруханаға жеткізілгендер жоқ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өткен түнге дейін 4 әскеридің мүрдесі табылғанын растады. Ал құлаған тікұшақ Ақтаудан Шымкент қаласына бағыт алған 4 әскери тікұшақтың бірі болғандығы анықталды. Ұшу метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған.

Бүгінде Қызылорда облысында ауа райына қатысты дабылды ескерту жарияланды. Жалпы өңірде соңғы екі күн бойы нөсер жаңбыр жиіледі. Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған сәтте де жаңбыр жауып тұрған.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Телеканал Хабар 24