379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматыда журналист Г.Полеваяны қолдау мақсатында қайырымдылық шаралары өтті

  • 179
  • UPD: 23:46, 28.03.2019

Ауыр науқасқа шалдыққан әріптесіміз Галина Полеваяны қолдау мақсатында Алматыда екі бірдей қайырымдылық шарасы өтті.

«Анашым, өмір сүрші» акциясы бойынша өткізілген шаралар көктемгі мерекелермен тұспа-тұс келген еді. Алдымен жәрмеңке ұйымдастырылып, косметикалық заттар және балалар ойыншықтары, сондай-ақ отандық дизайнерлердің қолынан шыққан киімдер мен аспаздар дайындаған тәтті тағамдар сатылымға шықты. Қаладағы көптеген дүкендер мен кондитерлер өз тауарларын тегін ұсынды. Жәрмеңкені ұйымдастыруға қоғамдық қорлар, туыстары мен достары қол ұшын берді. Ел арасында мейірімді жандар аз емес. Солардың бірі бір күндік саудадан түскен пайдасын аударып жатты. Қайырымдылық шаралардың нәтижесінде 1 миллион 700 мың теңге жиналды. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық журналистке дәрігерлер «қанның қатерлі ісігі» деген диагноз қойған болатын.  Анасының денсаулығына алаңдаған қызы Анастасия Вылегжанина шетелде операция жасату үшін көпшіліктен көмек сұрап,  «Анашым, өмір сүрші» акциясы ұйымдастырылған болатын. Бірақ әлі де 53 миллион теңге қажет. Анастасия қайырымды жандар қол ұшын беріп жатса, бұл соманың да жиналатынына  сенеді. 

Анастасия Вылегжанина, Галина Полеваяның қызы:

- Анам қазір Түркияда емделіп жатыр. Оған күрделі операция жасалды.  Қазір жағдайы қиын. Дегенмен ол бәріне шыдап жүр. Осы уақытқа дейін қол ұшын берген қайырымды жандарға анамның айтар алғысы шексіз. Менде көмектесіп жатқан барша адамдарға өзімнің ризашығылымды білдіремін.

Телеканал Хабар 24