379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Жамбыл облысына етті бағыттағы ірі қараны шеттен тасимыз

  • 150
  • UPD: 15:18, 29.03.2019
Жамбыл облысына етті бағыттағы ірі қараны шеттен тасимыз

Жамбыл облысына 2027 жылға дейін шетелден етті бағыттағы 36 мың бас ірі қара жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті шаруалар биылдың өзінде 4 мың бас ірі қара әкелуге ниет білдіріп отыр. «Бұл өңірдегі ет өнімділігін арттырып, экспортты еселеуге мүмкіндік береді», – дейді ауыл шаруашылығы саласының мамандары. Қазір өңірде осыған қатысты арнайы бағдарлама қабылданып, жұмыс басталды. Аймаққа малдың алғашқы легі Германиядан әкелінді. Талас ауданында екі шаруақожалық етті-сүтті бағыттағы 112 аналық бас сиырды жеткізіп, іске кірісіп жатыр. Былтыр облыстан мың тонна ет экспортталған. Отандық өнімге Ресей, Иран, Кувейт, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінен сұраныс жоғары. 

Қайрат Аманов, облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары:

- Бұл етті бағыттағы шетелден келіп отырған малдың генетикалық фонын пайдалану арқылы облыстағы еттің өнімділігін арттыру мақсаты алға қойылған. Биылғы жылға бұл жоспар 1500 тоннаға қойылып отыр. Бүгінгі күні 143 тонна ет экспортқа шығарылды.

Телеканал Хабар 24