389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Түркістан облысында полиция цифрлық жүйеге көшті

  • 619
  • UPD: 15:14, 29.03.2019
Түркістан облысында полиция цифрлық жүйеге көшті

Түркістан облысының Полиция департаменті цифрлық жүйеге көшіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

1 сәуірден бастап тәртіп сақшылары әкімшілік хаттаманы электрондық түрде толтырады. Ол үшін құзырлы орган өкілдері планшеттермен қамтылды. Мұндай жаңашылдық полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбековтің халыққа есеп беру жиынында айтылды. Оның сөзінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша тіркеуге алынған құқық бұзушылықтар саны 8,8%-ке, ал қылмыс саны 7,4%-ке кеміген. Өңірдегі полицияның халықпен жұмыс істеу тәртібі заманауи форматтағы сервистік модельдерге ауыстырылды. Департамент ғимаратының жанынан талапқа сай азаматтарға заң тұрғысынан кеңес беретін «Фронт-офис» ашылды.

Салтанат Қаракөзова, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Біздің департамент әлеуметтік желіде белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Facebook, Instagram желісінде өзіміздің ресми парақшаларымыз бар. Кез келген азамат өзін толғандырған мәселелер бойынша сұрағына нақты жауап ала алады. Басшылық ашық, әрі жедел жұмыс кестесіне көшті. Бұған кез келген адамның қолы жетеді.

Телеканал Хабар 24