389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Атырауда сөйлеу қабілеті нашар балаларды тәрбиешілер ұрып соққан

  • 696
  • UPD: 08:44, 30.03.2019

Атыраудағы сөйлеу қабілетінде кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиешілері жеткіншектерді сабаған.

Мұндай сорақылықты прокуратура қызметкерлері білім беру мекемесін тексеру кезінде анықтады. Қазір мұнда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 98 бала тәрбиеленіп жатыр. Интернат қызметкерлері жарымжан жасөспірімдерді ұзақ уақыттан бері ұрып соғып қана қоймай, мәжбүрлеп жұмыс істеткен. Балалар дұрыс сөйлей алмағандықтан шағымдарын жеткізе алмаған. Тасжүрек тәрбиешілер арнайы орнатылған бейнебақылау камераларын да пысқырмапты. Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қанат Қабдолов, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Тергеу жұмыстарын ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігіне сәйкес полиция органдары жүргізуде. Балаларға қатыгездік таныту арқылы күш көрсеткен интернат тәрбиешілері қызметтерінен уақытша шеттетілді. Қылмыстық іс облыс прокурорының жеке бақылауында.

Телеканал Хабар 24