377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қазақстан урологтарының пленумында несептас ауруы көп таралған аймақтар аталды

  • 193
  • UPD: 08:40, 30.03.2019
Қазақстан урологтарының пленумында несептас ауруы көп таралған аймақтар аталды

Түркістан қаласында өткен Қазақстан урологтары қауымдастығының пленумында еліміздің бас урологтары республика бойынша несептас ауруына ең көп шалдыққан өңірлерді атады.

Көш басында Түркістан, Атырау, Маңғыстау облыстары тұр. Мәселен, мамандардың айтуынша, Түркістан облысындағы ауруханалардың Урология бөлімінде жатқан науқастардың 40 проценті осы ауруымен ауырады. «Оның басты себебі, біріншіден, бұл өңірлерде күн өте ыстық, екіншіден, экологиялық ахуалы мәз емес, үшіншіден, ауыз судың сапасы нашар және туабітті бүйрек дертіне шалдыққандардың саны артқан», - дейді дәрігерлер.

Мырзакәрім Алшынбаев, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА Академигі:

- Науқастарға қалай қарау керек. Диогностика қалай қойылу керек, неге көңіл бөлу тиіс? Емдеу кезінде неге көңіл бөлу керек? Тас қайтадан пайда болмау үшін қандай дәрілерді қабылдау керек? Деген мәселелерді қараймыз. Қазір конгресс бітеді, сосын үлкен қарар қабылдаймыз біз. Оны тек қана біздің денсаулық сақтау басқармалары ғана емес, басқа елдердің де денсаулық сақтау басқармалары қолдануға, ары қарай емдеудің сапасын көтеруге мүмкіндік болады дәрігерлерге.

Телеканал Хабар 24