377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматы облысының шаруалары майбұршақ алқаптарын арттырмақ

  • 242
  • UPD: 21:37, 31.03.2019

Алматы облысындағы пияз өсірумен айналысатын Шеңгелді аймағының шаруалары енді майбұршақ пен қант қызылшасы алқаптарын арттырмақ.

Жалпы биыл Қапшағай өңірі бойынша 1 400 гектар егістік игерілмек. Оның ішінде 800 гектар қант қызылшасына бөлінді. Былтыр аймақта екі сервистік даярлау орталығы да іске қосылған.

Мына сервистік даярлау орталығының басшысы Гүлжәмилә Бекиева іскер әйел. Ол биыл 120 гектар алқапқа қант қызылшасын егуді қолға алды. Тәтті түбір өсірілетін 1 гектар жерге 300 келі нетрофоска тыңайтқышы себіледі. Жұмыстың жүйелі өтуін өзі қадағалайды. Былтыр жиналған өнімді Көксу қант зауытына өткізген. Алайда зауыт ақша төлеуін біраз кешіктірсе керек. Десе де, ол қаржы тапшылығының шешімі табылғанына риза.

Гүлжәмилә Бекиева, сервистік даярлау орталығының басшысы:

- Өзіміздің қаражатымызды қант зауытынан алғаннан кейін қазіргі көктемгі науқан жұмыстары басталды. Бүгінгі күнде бізде 20 адам ауыл азаматтары жұмыс істеп, 70-80 мың мөлшері зарплата алып отыр. Енді камазичтер сезондық кезде одан да көп табыс табады.

Үш жыл бұрын Шеңгелді аймағында агроөндірістік кооператив құрылды. Жекелеген шаруалар топтасып, бірігіп еңбек ете бастады. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация арқылы лизингке 7 су жаңа ауылшаруашылық техникасын алды. Жыл сайын өнім өсіруге, жанармай мен суға берілетін мемлекеттік субсидиядан да құр алақан емес. 

Думан Майлыханов, ауыл шаруашылық кооперативіннің төрағасы:

- Он жылға беріліп отыр. Соның екі жылы «каникул» беріледі. Содан кейін 8 жыл сол сомасын жауып бітіруіміз керек. Ол да күшті көмек оны жасыратын түгі де жоқ ол жақсылық. 178 млн теңгеге қаражат бөлініп соған мына техниканың барлығы алынды.

Аймақта қазір 9 мың гектар суармалы жер бар. Дегенмен оның көлемін арттыру қажет. Мысалы, биыл серіктестік басшысы Мұратхан Қожақов 100 гектар жерді игермек. Ол алқапты суғару үшін тереңдігі 100 метр болатын ұңғыма қазуға кірісті. Ал өзге мақсатқа қажетті тіршілік нәрі суару жүйесі арқылы жеткізіледі. Бұл үшін су сорғыш әрі жеткізуші магистральдік құбыры бар станция салынды. Су Қапшағайдан 8 су сорғыш құрылғы арқылы тартылады. Жер асты құбырларымен  егістік алқаптарға жеткізіледі. Жоспарға сәйкес биыл бұл бекет 1400 гектар жерді суару тапсырысын алған.

Ақтамберді Қалқабай, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары:

- 2018 жылы 2 сервистік пайдалану орталығын ашқанбыз. Мұнда 60 қа жуық техника бар. Осы техникалардың арқасында қазір бірталай жұмыстар атқарылуда.

Жалпы биыл аймақта 4700 гектарға жуық дәнді-дақыл, 2400-ге жуық көкөніс және мақсары мен бақша дақылдары егіледі. Өнімді шашпай-төкпей, жинап, сақтау үшін сыйымдылығы 13 тонналық қойма да бар. Мысалы, мұнда сақталған пияз Ресей мен Польшаға экспортталады. Суғармалы егістік алқаптарын арттырған, техникасын тексеріп, агротехникалық жұмыстарды реттеген шаруалар биыл да мол өнім аламыз деген үмітте.

Авторлары: Алмас Садуақас, Кенже Амраев

Телеканал Хабар 24