376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қылшақты өзенінің деңгейі кенеттен көтерілді

  • 138
  • UPD: 09:43, 02.04.2019

Көкшетаудағы Қылшақты өзенінің деңгейі кеше кешкісін күрт көтерілді. Бұған жексенбі күні қабырғасы опырылған Кенесары тоғанынан шыққан ағын су тікелей себеп болып отыр.

Себебі ол Ивановка су қоймасы арқылы Қылшақты өзеніне келіп құйылады. Кеше облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қалаға қауіп төніп тұрған жоқ деп сендіргенмен өткен түнде ағын су облыс орталығын біраз әбігерге салды. Өйткені, өзен деңгейінің қатты көтерілгені соншалық, Бәйкен Әшімов көшесінің соңындағы көпірдің үстімен ақты. Су үйлерге кірмегенмен сол маңайдағы қызмет көрсету нысандарының ауласын басып қалды. Тасқын су әлеуметтік нысандар мен баспаналарға бармауы үшін төтеншеліктер түні бойы өзенді жағалай инертті материалдар төсеп, бақылау жүргізді.

Алексей Советов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысы:

- Ағын су қазір қала жанындағы Қопа өзеніне барып құйылып жатыр. Сондықтан, оның да деңгейі көтеріліп келеді. Бірақ, әзірге көлдің маңындағы үйлерді су басу қаупі жоқ. Қылшақты өзені секундына 18-20 текше метр суды өткізе алады. Су деңгейі бірнеше сағаттан кейін төмендей бастайды.

Телеканал Хабар 24