379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан жіберіліп жатқан су көлемі азайды

  • 133
  • UPD: 13:08, 02.04.2019

Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан жіберіліп жатқан су көлемі екі есе азайды.

Нақтырақ айтсақ, өткен күні мұнда секундына 574 текше метр су босатылса қазіргі көрсеткіш 259-ға дейін кеміген. Бұл туралы Солтүстік қазақстан облысында жасақталған арнайы жедел штаб өкілдері хабарлап отыр. Осымен мамандар үшінші күн қатарынан мұнда жұмыс жасап, жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Ал Қулыкөл мен Қаратал ауылдарындағы жағдай бүгінгі күні бір қалыпты.

Азамат Қожанов, облыстық Есіл бассейні инспекциясы  аумақтық бөлімінің басшысы:

- Таңғы алтыдағы мәлімет бойынша Сілеті қоймасындағы судың мөлшері 220 миллион текше метрді құрады. Кешегі күнмен салыстыратын болсақ оның деңгейі 3, ал Изобильный гидро бекетінде 24 сантиметрге дейін төмендеді. Ал Қулыкөл мен Қаратал ауылдарында жағдай кешелі бері өзгерген жоқ.

Телеканал Хабар 24