378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


2025 жылға дейін медициналық мекемелер саны екі есе артады

  • 150
  • UPD: 12:10, 02.04.2019

Елде 2025 жылға дейін медициналық мекемелердің саны екі есе өседі. Өткен жылдың өзінде 90 аурухана мен емхана пайдалануға берілген.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады. Сонымен қатар министр келер жылдан бастап тегін дәрі-дәрмектердің тек науқас емделетін медициналық мекемелерде ғана берілетінін айтты. Осылайша есепке алынған емделушілер дерттің 50 түрі бойынша 500-ге жуық препаратпен қамтамасыз етіледі. Сол себепті жеке дәріханаларда тегін дәрі-дәрмек берілмейді. Ведомство басшысы мұны алдын ала берілген сұраныстың жартысына жуығы жалған болып шығатындығымен түсіндірді. Мәселен, өткен жылы 180 млрд теңгеге берілген сұраныстың тек 90 млрд ғана жаратылды. Ал жұмысына салғырт қараған ақ халаттылар жауапкершілікке тартылады. Мәселен, былтыр 28 қылмыстық іс қозғалған.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Біздің негізгі мақсатымыз әр азаматтың өзінің дәрігері қолжетімділігін шешу үшін 15 минут ішінде жетуге мүмкіндік беруіміз қажет. Тек ғана қалада емес, ауылдық жерлерде де. 800-ден астам ауылдық мекендерде жалпы медициналық мекемелер жоқ. Сонда мекемелер ашу қажет, арнайы дәрігерлер мен мейірбикелер сонда барып жұмыс істеу керек.

Телеканал Хабар 24