379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қазақстандағы 846 елді мекенде медициналық нысан мүлде жоқ

  • 140
  • UPD: 13:34, 02.04.2019
Қазақстандағы 846 елді мекенде медициналық нысан мүлде жоқ

846 елді мекенде медициналық нысан мүлдем жоқ. Еліміздің 9 аймағында алғашқы көмек көрсететін мекемелердің тозығы жеткен.

Енді алдағы 3 жылда 120 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Жаңадан 595 денсаулық сақтау нысаны ашылАды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы медициналық көмекті дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіткен. Нәтижесінде 1 маусымнан бастап, жалақысы төмен медициналық қызметкерлердің еңбекақысы 30 пайызға ұлғайтылады. Азаматтардың электронды денсаулық паспорты жасалады. Дәрігерлердің жұмыс жүктемесі азаяды.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Еліміздің алғашқы медициналық ұйымдарында 11  мың учаскеде 9  мыңнан астам дәрігерлер және 25 мыңнан астам орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Осылайша қазіргі уақытта дәрігерлердің тапшылығы 1044 маманды құрайды. Нәтижесінде көп өңірлерде бір дәрігер 2 учаскеде жұмыс жасауда. 1 дәрігерге орташа 2 мыңнан астам тіркелген. Бұл мемлекеттік нормативтен 300-ге жоғары.

Телеканал Хабар 24