377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елімізде әскери зейнеткерлердің баспана мәселесі өзекті болып тұр

  • 127
  • UPD: 14:45, 02.04.2019

Нақты айтқанда, ол  әскери еңбек өтілі 10 жылдан артық бірақ 20 жылға жетпеген зейнеткерлерге қатысты.

Олар Қарулы күштердің жоғарғы қолбасшылығынан қазіргі қолданыстағы «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңға өзгеріс енгізуді талап етеді. Зейнетке шыққан әскерилер өздері тұрып жатқан пәтерлерін жеке-меншікке аударуды сұрайды. Алайда осы санаттағыларға пәтерлерін заңдастыру мүмкін болмай тұр. Мәселенің мәнісіне біздің тілшілер де үңіліп көрді.

Қорғаныс саласы ардагерлерінің айтуынша, «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңда олардың мүмкіндіктері дұрыс белгіленбеген және құқықтары тиісті дәрежеде ескерілмеген. Заң аясында олар өздері тұрып жатқан үйлерді жекешелендіре алмайды. Өйткені ол үйлер жабық немесе оқшауланған әскери қалашықтарда орналасқан. Бірақ, ол пәтерлерді Қорғаныс министрлігі ұсынған ашық қалашықтардағы жекешелендіруге жататын өзге пәтерге алмастыруына болады. Алайда олардың басым бөлігі тұруға жарамсыз дейді әскерилер.

Дәуренбек Жұмабек, ҚР ҚМ пәтерлерге орналастыру басқармасының бөлім басшысы: 

- Ескі пәтерлерді біз сол айырбастау механизмін Қорғаныс министрлігінің сайтынан алып тастадық. Қазіргі уақытта 105 квартира МОДГОВ деген официальный сайт Министерство обороны сол жерде жарияланды. Сол 105 квартираларды Қазақстанның жан-жағынан Ақтау, Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында орналасты.

Жалпы елімізде әскери қызметте еңбек сіңірген мерзімі  10 жылдан артық бірақ 20 жылға жетпеген 713 әскери зейнеткер бар. 23 адам өздері тұрып жатқан үйлерін алмастыруға келісім берді. Бірақ, қалған 690 зейнеткер бұл шартқа келіспей отыр. Олар үйдің орнына өтемақы беруді сұрайды. Сол қаражатқа өздері қалаған аймақтан баспана сатып алуға ниетті. Алайда ондай құқық тек әскери қызметте 20 жылдан артық еңбек сіңірген  жандарға ғана беріледі. 

Дәуренбек Жұмабек, ҚР ҚМ пәтерлерге орналастыру басқармасының бөлім басшысы: 

- Қазіргі уақытта заңда қарастырылмаған мәселе. Оны заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыстар өткізу керек. Соның нәтижесінде барлық мемлекеттік органдар, Парламентте заңға сәйкестігін болса сол кезде заңға өзгерістер енгізіледі.

Баспанаға қатысты әскери зейнеткерлердің арыз-шағымдарын  тыңдаған басшылық қолданыстағы заңды және тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесін қарастыратындықтарын айтты. Жалпы өткен жылдан бері елімізде  37 мың әскери қызметкер тұрғын үй депозиттерін ашса, 2 мыңнан астам әскери баспаналы болды. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Эдуард Кон

Телеканал Хабар 24