379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақмола облысында тасқынның алдын алу жұмыстары күшейтілді

  • 156
  • UPD: 22:07, 03.04.2019
Ақмола облысында тасқынның алдын алу жұмыстары күшейтілді

Ақмола облысына Шымкент қаласынан көмекке 21 құтқарушы барды. Аймақта жағдай қалыпты болғанымен қауіп сейілмеген.

Олай дейтініміз, енді бір аптадан соң Нұра, Жабай, Есіл және Қалқұтан секілді ірі өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Ал қазір Целиноград және Аршалы аудандары жіті бақылауда. Бұл аумақтарда тасқынның алдын алу үшін барлық қажетті жұмыстар жүргізілуде. 

Қанат Доспаев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:

- Барлық күш пен техникалар дайын тұр. Қазіргі таңда Талапкер ауылында даладан келген ағын суды ауыл ішінен апатсыз өткізуге жағдай жасап жатырмыз. Облыс бойынша бүгінде 15 елді мекенді су басу қаупі сақталып отыр.

Телеканал Хабар 24