379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Павлодар облысында судың деңгейі төмендеді

  • 84
  • UPD: 07:51, 05.04.2019
Павлодар облысында судың деңгейі төмендеді

Павлодар облысында республикалық маңызы бар «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновск» автомобиль жолының бір бөлігін қар суы шайған еді.

Қазіргі уақытта судың деңгейі 50 см-ге төмендеді. Десе де, көлік қозғалысына қойылған шектеу алынған жоқ. Баянауыл ауданының жергілікті атқарушы органдары мен сала мамандары тиісті шараларды қолға алды. Оқиға орнында жол және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Майқайың және Баянауыл ауылдарының жанында жергілікті полиция қызметкерлері кезекшілік атқаруда. Айта кетейік, ағынды су Қарағанды облысындағы Ақжар бөгеті мен таулардан келіп жатыр.

Асқарбек Омаров, облыстық ТЖД дағдарыс кезінде бақылау басқармасының бастығы:

- Оның көлемі 5-6 метрдей, тереңдігі 90-100 сантиметрдей. Ол судың бәрі Ащысу өзенінен келетін болған және таудағы қарлардан. Қазіргі уақытта тас жол жабық. Сол жерде Баянауыл ауына Қарағанды арқылы және Май ауданы арқылы баруға болады.

Телеканал Хабар 24