377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақмола облысындағы өзендерде су деңгейі көтеріліп келеді

  • 93
  • UPD: 13:35, 05.04.2019
Ақмола облысындағы өзендерде су деңгейі көтеріліп келеді

Өткен тәулікте Жабай өзеніндегі су небәрі 2 сағаттың ішінде 10 см көбейген. Одан бөлек Қалқұтан өзені де толып барады.

Мұның барлығына еріген қар суымен қатар, жауын-шашын да әсер етіп отыр. Ал, алдағы күндердің тағы да бұлтты болатынын ескерсек, бұл, жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін, - дейді, синоптиктер. Сол үшін қазір аймақтағы 28 гидробекеттің жұмысы күшейтілді. Одан бөлек су деңгейі бейнекамералар арқылы онлайн бақылануда. Ал өзенге жақын орналасқан елді мекендердегі үйлер мен әлеуметтік нысандардың маңайы инертті материалдармен қоршалды.  

Бақыт Мақажанова, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының директоры:

- Алдағы 3 тәулікте аймақта ауа температурасы күндіз 3-8 градус жылы, ал, түнде -5 градусқа дейін суық болады. Қар аралас жаңбыр жауып, тұман, көктайғақ болады. Ал Жабай өзенінде алдағы екі тәулікте тасқын қаупі өте күшейеді.

Телеканал Хабар 24