379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қызылорда халқын айыппұлдар алаңдатады

  • 106
  • UPD: 15:24, 05.04.2019
Қызылорда халқын айыппұлдар алаңдатады

Қызылордалықтарды айыппұлдар алаңдатады. «Жолда қабылдау» акциясын өткізген полицейлерге тұрғындардан көбінесе көлікке қатысты және миграциялық төлемдер жөнінде сауалдар түсті.

Жалпы аймақ бойынша 150 мыңдай көлік тіркелген. Оның жартысы облыс орталығына тиесілі. Шара аясында қарапайым халық полиция департаменті бастығы мен орынбасарлары, жергілікті және әкімшілік полиция қызметі, тіркеу-емтихан қабылдау және жол-техникалық инспекция бөлімшелерінің мамандарына тікелей жолығуға мүмкіндік алды. Акцияда электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі, онлайн режимде айыппұлды төлеу, тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер берілді. Шенділер өңірдің барлық аудандары мен Қызылорда қаласының вокзалы мен 2 сауда базарында таңнан кешке дейін қабылдаулар өткізеді. 

Қайрат Мұхитов, облыстық полиция департаментінің бастығы:

- Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ХҚКО қызметкерлерін шығардық, олар бізбен бірге қатысып отыр. Бұл іс-шара 2 күн өтеді. Халықта кейде көп сұрақтар туындайды, көбісі бізге келе алмайды. Күнделікті жұмыстары бар. Сондықтан ашық жариялап, адамдар көп шоғырланатын жерде акция өткізудеміз.

Телеканал Хабар 24