376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Отандық тауарлар жәрмеңкесінде ұсынылған өнім сапасы түркиялықтан кем емес

  • 110
  • UPD: 19:41, 06.04.2019

Жиырмадан аса кәсіпкер елордада бас қосып, өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

Жәрмеңкеде киім-кешектен бастап, төсек жабдықтарының да алуан түрін көруге болады. Сапалы өнімдердің бағасы қолжетімді. Бүгінгі жәрмеңкені ұйымдастырудағы мақсат - отандық брендтерді көпшілікке таныстыру.

Нұргүл Сағынаева, қала тұрғыны:

- Жәрмеңкеден ерлерге арналған киім алдым. Сапасы түріктердікінен кем емес. Бағасы да қолжетімді.  Менің ұлымның бойы ұзын. Оған шақ сапалы костюм табу қиын. Өзіміздің өндірушілердің қолынан осындай киімдер шығып жатқанына өте қуаныштымын.

Қайрат Бектұргенев,  «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер қауымдастығының төрағасы:

- Жастардың, барлық тұрғындарымыздың отандық өндірушілердің еңбегін қолдауы өте маңызды. Жергілікті тауар өндірушілердің дамуы біздің басты жетістігіміз. Өз кәсіпкерлерімізді қолдай отырып, олардың өнімдерін алу арқылы біз экономикамызға зор үлес қосамыз.

Телеканал Хабар 24