379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Өскеменде 22 мың түп ағаш отырғызылады

  • 115
  • UPD: 09:21, 08.04.2019

Биылдан бастап Өскемен қаласын көгалдандыру жұмысына ерекше басымдық беріледі.

Бұған тек коммуналдық мекемелер ғана емес, жеке кәсіпкерлер де атсалысуы тиіс. Сондықтан биыл қала бойынша 22 мың түп көшет егілмек. Осы өңірдің табиғи жағдайына бейім шырша, терек, қайың және шегіршін сияқты ағаштар отырғызылады. Қазір қалада өсіп тұрған ағаштарға 30-40 жыл болған. Қыс қатты болған жылдары көктем шыға кейбірі түбінен шіріп, құлап жатады. Сондықтан жыл сайын қалада көктем мен күзде шіріген ағаштар кесіледі. Алайда экологтар соңғы жылдары олардың орнына жас көшет егілмейтінін айтып отыр. Бұл екі күннің бірінде көк түтінге көміліп тұратын Өскеменнің экологиялық ахуалын одан сайын төмендетуі мүмкін. Сол үшін шаһарға жыл сайын кем дегенде 20-30 мың түп ағаш егілуі тиіс. Ал былтыр жаңадан бой көтерген 19-шағын ауданға егілген жас көшеттердің көбі күтілмегендіктен, тамыр жая алмай қурап қалған.  

Геннадий Корешко, облыстық экологиялық қауіпсіздік орталығының  директоры:

- Қазір ең негізгі мәселе - жаңадан егілген  көшеттердің тамыр жайып кетуі. Осыған ерекше мән беру керек. Екіншіден,  әрбір түп ағашты дұрыс егіп, үш жылға дейін үздіксіз күтп баптау керек. Сонда ғана ол өседі.

Телеканал Хабар 24