379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақмола облысындағы Жабай өзенінде тасқын қаупі сейілді

  • 106
  • UPD: 14:50, 08.04.2019
Ақмола облысындағы Жабай өзенінде тасқын қаупі сейілді

Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер кезекті брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен тәулікте өзендегі су деңгейі 10 см-ге төмендеген. Қазір автомобиль жолындағы көпірде өлшем 3 жарым метрді көрсетіп тұр. Бұл, сыни деңгейден небәрі 5 см-ге жоғары. Сондықтан енді қатер жоқ дейді ведомство басшысы. Алайда қазір осы аймақтағы Қалқұтан өзені тосын мінез танытуда. Бірнеше күннен бері Астрахан ауданының Старый Колутон ауылында жол жабық. Ал өзендегі су деңгейі 4 метрден асқан. Сыни деңгей болса, 3 метр 43 см. Елдімекендегі 20 шақты ауланы су басқан. Дегенмен, су баспаналарға кірмеген. Еліміздің шығысында да жағдай әзір құбылмалы болып тұр. Қазір әсіресе Бесқарағай ауданындағы 500-ге жуық тұрғыны бар Кривинка ауылын су басу қаупі бар. Себебі Ертіс өзенінде мұз кептелісі пайда болған.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы:

- Міне көк түспен Ертіс өзенінің сағасы көрсетілген. Қараңызшы, мына тұста бұрылыс бар. Ал мұз кептелісінің ұзындығы 6 шақырым. Мұз жару жұмыстарының қаншалықты көмектесерін дөп басып айту қиын. Бірақ, жағдай жіті бақылауда. Эвакуация бекеті дайын. Күштер мен техникалар да әзір тұр. Әліптің артын бақпасқа амал жоқ.

Телеканал Хабар 24