379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты 20-дан астам қылмыстық іс қозғалды

  • 139
  • UPD: 19:00, 08.04.2019

2016-2017 жылдары еліміздің 11 өңірінде науқастар өздеріне тиесілі дәрі-дәрмекті алмаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова айтты.

Комитет төрайымының сөзінше, 4,3 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі пайдаланылмай қалған. Ал дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде аталған дәрілер берілгендігі көрсетілген. Мұны министрлік тарапынан құрылған мониторинг тобы анықтаған. Барлық мәліметтер Бас прокуратураға берілді. Тексерулер әлі де жалғасып жатыр. Сала өкілдері биыл тегін дәрілік препараттармен үздіксіз қамтамасыз етуде ешқандай түйткіл мәселе туындаған жоқ. 

Берік Шәріп, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының м.а:

- 2018 жылда бізде кішігірім дәрі-дәрмекті уақытында жеткізу болмады. Бірақ осы 2019 жылдың басы 13 млрд теңгеге қор жылдың соңында жалпы осы жылдың басынан бастап, толық көлемде қамтамасыз етіп жатырмыз. 3 айдың ішінде бүкіл өңірлерге 33,5 млрд теңгеге дәрі-дәрмекті жеткіздік.

Телеканал Хабар 24