379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматы облысы ҚХА өкілі кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікір айтты

  • 120
  • UPD: 16:37, 09.04.2019
Алматы облысы ҚХА өкілі кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікір айтты

Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастамасына Алматы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері пікір білдірді. 

Олар Президенттің келісе қабылдаған келелі шешімі елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ететініне сенімді. Сондықтан 100-ден аса ұлт өкілі тату-тірлікте, ынтымақ-бірлікте тұратын өңір тұрғындарын сайлауға белсене қатысуға шақырды. Маусымның тоғызында болатын мемлекеттік деңгейдегі маңызды іске әрбір  жетісулық атсалысуы тиіс дейді ұйым өкілдері.

Ғабит Тұрсынбай, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Жалпы ішкі сыртқы саясатымыз, әлеуметтік дамуымыз барысында мемлекет басшысы үлкен роль атқарады. Сондықтан мемлекет басшысының халық сайлаған мандатына сеніміне ие болуы біз үшін аса маңызды. Бұл ел дамуының жарқын кепілі болады.

Телеканал Хабар 24