384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«Ақжол» партиясы кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ұсыну шешімін съезде қабылдайды

  • 1291
  • UPD: 19:42, 09.04.2019

«Ақжолдықтар» Президент сайлауына өз кандидатурасын ұсыну туралы шешімді партияның Съезінде қабылдамақ.

Ал бұл құрылтайдың қашан өтетіні сәуірдің 13-і күні орталық кеңестің пленумында белгілі болады. Бүгін бұл туралы саяси ұйымның төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді. Айтып кету керек, «Ақжолдың» сапында бүгінде 250 мыңнан астам мүше бар. Олардың дені кәсіпкерлер.

Азат Перуашев, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Мен қазір ештеңе айта алмаймын. Менің партия төрағасы ретінде айтылған сөзім партия атынан айтылған ресми мәлімдеме деп саналады. Қазір партияның шешімі әлі белгісіз болғандықтан, мен қазір осындай жауаптан аулақпын.

Телеканал Хабар 24