379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«Ауыл» партиясы кезектен тыс президент сайлауына қатысу туралы шешім қабылдаған жоқ

  • 126
  • UPD: 22:17, 09.04.2019

«Ауыл» партиясы әзірге президент сайлауына қатысу туралы нақты шешім қабылдаған жоқ.

Бұл мәселені партия мүшелері саяси кеңес президиумымен жиналып, кеңінен талқыға салмақ. Партия төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, сәуір айының соңына дейін уақыт бар. Осы аралықта саяси науқанға қатысты барлық сұрақ сарапқа салынып, ортақ байлам жасалады. Ал бүгін өткен партия орталық кеңесінің кеңейтілген отырысында алдағы сайлаудың маңыздылығы сөз болды. Партия мүшелері оның уақытылы және тарихи оқиға екенін атап өтті.

Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы:

- Бұл біздің халқымыз, мемлекетіміз, саяси жүйе үшін ел тарихындағы маңызды шара болғалы тұр. Осы сайлау біздің алдымызда өте үлкен сын болғалы тұр. Қоғамдық-саяси ұйым ретінде6 беделді партиялардың бірі ретінде біз де бұл оқиғадан тыс қалмауымыз керек.

Телеканал Хабар 24