377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Семейліктер балабақшалардың жеке меншікке берілуіне алаңдаулы

  • 111
  • UPD: 08:27, 11.04.2019

Семейдегі мемлекеттік балабақшалар 2 жылдан бері жеке кәсіпкерлердің сенімді басқаруына өтіп жатыр.

Бұл мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясындағы жобаның бір түрі. Келісім-шарт бойынша кәсіпкердің балалар санын, штат кестесін, төлемақы құнын өзгертуге құқығы жоқ. Еңбек заңдылықтары да қатаң сақталуы керек. Бүгінге дейін 5 мекеме осындай тәсілмен жұмыс істеуде. Биыл тағы 4 балабақшаны сенімді басқаруға өткізу көзделіп отыр. Алайда көптеген ата-аналар бұл шешімге қарсылық білдіріп, балаларының болашағына алаңдайтындықтарын жеткізді. Қалалық әкімдіктің жауапты мамандары тұрғындармен бірнеше кездесу өткізіп, мәселенің жан-жақты зерделенетінін түсіндірді.

Оразқан Байтайлақова, қала тұрғыны:

- Енді біреу осыған қызығып отыр екен, ол өзінің меншігіне айналдырады екен. Ертең ол айтады маған: «Өзімнің туысым істейді» деп. Оның психбольницада жатпағанын біз білмейміз ғой. Ертең біздің баламызға не істейтінін білмейміз ғой, қазір ватсапта неше түрлі көресіңдер. Біз мүлдем қарсымыз, ата-аналар айтыңдаршы?

Ата-аналар:

– Иә, қарсымыз. Бере алмаймыз.

Гүлнар Оразбекова, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

- Соңғы кездесу әкімшілікте әкіміміз өзі қатысып, Ермак Бидахметұлы жағдайдың бәрін түсіндірді. Ата-аналардың ұсыныс, пікірлерін, ұжым пікірлерін бәрін толық тыңдады. Және өзінің соңғы шешімін тағы да бір қарап шығамын, ең алдымен зерттеу жұмыстарын жүргізіп барып, сонан кейін ғана шешім қабылдаймын деген ұсыныс жасады.

Телеканал Хабар 24