379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Тау-кен өндірісінің өкілдері президенттік сайлаудың өткізілуін қолдайды

  • 77
  • UPD: 13:48, 11.04.2019
Тау-кен өндірісінің өкілдері президенттік сайлаудың өткізілуін қолдайды

Еліміздің тау-кен өндіруші сектордың келешегі зор. Металлургиялық кәсіпорындар экономиканың дамуына қарқынды үлес қоспақ.

Алдағы уақытта бұл бағытта тың жобалар жүзеге асырылады. Оған инвесторлар да аса қызығушылық білдіріп отыр. Сондықтан, бізге ең бірінші елдегі тұрақтылық маңызды.

Кезектен тыс президент сайлауы тау-кен саласын жаңа леппен дамытуға да серпін береді. Бұл сала қауымдастығының басшысы Николай Радостовецтің сөзі. Айта кетейік, бүгінде аталған салада 500 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Николай Радостовец, тау-кен өндірісі және металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры:

- Біз әрдайым  өз саламыздың  мамандарымен, жұмысшыларымен кездесіп тұрамыз. Барлығы да елдегі тұрақтылықты, бейбіт өмір бағалайды. Қазақстан әлемдік нарыққа шыға бастады. Бұл үлкен жетістік. Инвесторлар болса, біздің мемлекетке сеніммен қарайды. Президент сайлауын қолдаймыз. Бізге нақтылық қажет. Саяси науқанның әділ, ашық өтетініне сенеміз.

Телеканал Хабар 24