379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«Хабар» Агенттігінің журналистері «Миллион кімге бұйырады» жобасынан ұтып алған ақшаны қайырымдылыққа жұмсады

  • 125
  • UPD: 17:51, 12.04.2019

«Хабар» Агенттігінің журналистері «Миллион кімге бұйырады» жобасынан ұтып алған қаражатты қайырымдылық мақсатқа жұмсады.

Атап айтқанда, елордадағы көп балалы екі отбасыға көмек қолын созды. Балаларға базарлық жасады. Жалпы агенттік қызметкерлері үнемі осындай әлеуметтік жобаларға атсалысып тұрады. Көбіне мұндай қайырымдылық шаралары жарияланбайды. Ал бұл жолы ашып айту арқылы Агенттік ұжымы жомарт жандарды мұқтаж азаматтарға қамқор болуға шақырып отыр. Кең болсаң, кем болмайсың.

Жадыра Бабырова, көп балалы ана:

- Жолдасым белгілі себептермен қайтыс болып кетті. 1 жарым жылдан асты. Қазір 5 баланың анасы болып, Үкіметтен азғантай көмегі бар. Сол көмек арқылы күнімді көріп отырмын. сіздерге алғысым шексіз. Өте қуаныштымын, қазақстан бойынша осындай қайырымдылық топ жасайтынына.

Саят Жөкен, тележүргізуші:

- Қазақта жақсы сөз бар ғой: Бір көрген біліс, екі көрген  таныс, үш көрген туыс. Бұл енді біздің көмегіміздің, ниетіміздің бұл тек қана басы. Соның бір алғашқы кезеңі деп айтар едік.  Себебі, бұдан былай да басқа мемлекеттік органдарға,  қайырымдылық ұйымдарға, қалталы азаматтарға көмектескісі келетін азаматтарға біз осы адамдардың мекен жайларын, телефондарын беріп, арық қарай қолдау көрсетуге олардың аяғынан тік тұрып кетуге, балалардың болашағына жақсы мүмкіндік беруге атсалысатын боламыз.

Телеканал Хабар 24