377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«Жасыл ел» еңбек жасағы саяси науқан қарсаңында үндеу жолдады

  • 100
  • UPD: 23:53, 12.04.2019
«Жасыл ел» еңбек жасағы саяси науқан қарсаңында үндеу жолдады

«Жасыл ел» еңбек жасағы үндеу жолдады. Белсенді жастар алдағы саяси науқанда ұйымшылдық танытпақ.

Еңбек жастары еліміздің экологиялық ахуалын әрдайым назарда ұстайтындықтарын айтады. Жалпы «Жасыл ел» жасағы 2005 жылы Елбасының бастамасымен құрылған болатын. Еңбек ұйымында жыл сайын 18 мыңнан астам жас маусымдық жұмыстарды атқарады. 

Азамат Данияр, «Жасыл ел» жасағы республикалық штаб жетекшісінің орынбасары:

- Өздеріңіз білетіндей жасақ тек ғана жастар ұйымы ғана емес, экологиялық жастар ұйымы болып табылады қазіргі күні. Сол себепті де бізге қазіргі уақытта маңыздысы алдағы уақыттағы кандидаттардың өздерінің бағдарламаларында экологиялық бағдарламаларды қозғаса деген тілегіміз бар. Алдағы уақытта дұрыс таңдау жасау үшін кандидаттардың бағдарламаларын жіті бақылап, оқып шығамыз деген ойдамыз.

Телеканал Хабар 24