379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Үкімет мүшелерінен құралған жұмыс тобы Жамбыл облысына барды

  • 115
  • UPD: 21:59, 12.04.2019

Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған жұмысшы топ Жамбыл облысындағы бірқатар кәсіпорындар мен білім мекемелерінің жұмысымен танысты.

«Қазфосфат» ЖШС-ның Жаңа Жамбыл фосфор зауытына барған үкімет тобы, арнаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін талқылады. Бұдан кейін жұртшылықпен кездесіп, аналардың сұрақтарына жауап берді. Тараз қалалық №5 емханасында болып, онда өңірдің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мәселелері бойынша жиын өткізді. Бүгінгі таңда облыс бойынша 30 аурухана мен 148 амбулаторлық-емханалық ұйым жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 31 жоба қолға алынған. Алайда маман тапшылығы бар. Өңірде 200 ге жуық дәрігер жетіспейді, облыстың бас дәрігері бұл мәселені жас мамандарды жұмысқа тарту арқылы шешеміз дейді. Гүлшара Әбдіқалықова аймақтағы жұмыс сапарын Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде қорытындылады. Мұнда Үкімет басшысының орынбасары оқу орнының материалды-техникалық базасымен танысып, колледж студенттерімен еркін форматта кездесу өткізді.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Біріншіден, Әлеуметтік мәселелер бойынша жәрдемақы төлеу мәселесі, аз қамтылған отбасыларына берілетін АӘК бойынша толық  дайындық бар. Үй мәселесі бойынша 10 жатақхана салынайын деп отыр биыл күзде Үшінші бағыт абаттандыру  ел бесігі бағдарламасы бойынша да көп жұмыстар жоспарланып отыр, олда жүзеге асады деп ойлаймын.

Телеканал Хабар 24