379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Павлодарда әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылар қамқорлыққа алынды

  • 110
  • UPD: 22:27, 12.04.2019

Ертіс өңірінде 800-ге жуық көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы қамқорлыққа алынды.

Бүгінде олардың электронды әлеуметтік төлқұжаттары жасалып, өмір сүру деңгейі зерттелді. Енді әр жанұяға тиісті көмек көрсетілетін болды. Қазір аймақта Nur Otan партиясының мұрындық болуымен көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетудің кешенді жоспары қолға алынды.

Валентина Григорьева алты баланың анасы. Барлығын жеткізіп, бағып қағу жалғыз басты адамға қиын екенін айтады.

- Моя самая главная мечта это, чтобы у нас с мамой и со всеми была своя квартира...

Балаларын асырау үшін Валентина көп қабатты үйлердің кіреберістерін жинаумен айналысады. Қалалық жерде тіркеуі болмағандықтан, жұмысқа ресми түрде орналаса алмапты. Көпбалалы ана үшін ең бастысы - балаларының тоқ болғаны. Енді әлжуаз топтағы азаматша ретінде пәтерге ие болудан дәмелі. Кезекте тұрғанына жеті жыл болыпты.

Валентина Григорьева, көп балалы ана:

- Күнім балалардың киімдерін жуумен өтеді. Шыны керек, қарапайым гигиеналық заттарды сатып алуға  да қалтам көтермейді. Көмекке зәру болғандықтан партия қызметкерлеріне хабарластым. Өтінішім жерде қалмады.

Партия өкілдері көпбалалы анаға құжаттарын түгендеуга көмектесті. Жанұяға көмек қолын созуға ниетті азаматтарды табуға да қолғабыс жасады. Валентина Григорьеваның «Күміс алқа» алатын күніде алыс емес. Қазір құжаттары рәсімделіп жатыр . Демек азаматша алдағы уақытта бірқатар жеңілдіктермен қамтылады .

Валентина Григорьева, көп балалы ана:

- Енді азық-түліктен тарықпайтын болдық. Ең бастысы, атаулы әлеуметтік көмектің көлемі артты. Бұған дейін 10 500 теңге ғана алатынбыз. Бұл жетпейтін әрине.

Ауқымды игі істер «Бақытты отбасы» жобасы шеңберінде қолға алынды. Бүгінгі күнге дейін 300-ден астам отбасы көмекпен қамтылды. Тағы 200 жанұя кәсіпкерлер мен ұйымдардың қамқорлығында.

Бауыржан Паруов, Nur Otan партиясы ОФ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің кеңесшісі:

- Жоба бойынша бізде обыс бойынша 756 отбасы балаларына арналған әлеуметтік карталар бойынша жұмыстар жүргізілді. Қалалар мен өңірлерде, аудандарда халық депутаттарымен кең ауқымды отырыстар өткізілді, және де «Нұр Отан» партиясының әлеуметтік қабылдау бөліміне әр апта сайын бірыңғай әлеуметтік терезе арқылы қабылдаулар өтуде.

Айта кетейік, бүгінде көп балалы отбасыда тәрбиеленетін 1 мыңнан астам бүлдіршін тегін тамақпен қамтылды. Әлеуметтік қолдаудағы жаңашылдық облыс орталығындағы 64 балабақша мен 21 шағын орталықта енгізілді. Әлеуметті қолдау түрін іске асыруға облыстық бюджеттен 129 млн. теңге бөлінген.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Телеканал Хабар 24