376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Президенттік сайлауда әр адамның өз таңдауын білдіруге мүмкіндік туып отыр – Ғалым

  • 94
  • UPD: 23:03, 12.04.2019
Президенттік сайлауда әр адамның өз таңдауын білдіруге мүмкіндік туып отыр – Ғалым

Ел президентін сайлауға сыртқы күштердің ықпалы болмауы тиіс.

Сондықтан сын сағатта Қазақстан халқы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ел бірлігінің берік екенін көрсетуі керек. Мұндай пікірді ақын, аудармашы, Ұлттық академиялық кітапхананың ғалымы Төрегелді Тұяқбай білдірді. Оның айтуынша, ұлы мақсаттарды мұрат еткен мәңгілік елді құрудың жалғыз жолы бірлік пен ынтымақ.

Төрегелді Тұяқбай, ҚР ҰАК ғалым-хатшы: 

- Сыртқы мемлекеттерде, әр мемлекеттің өзінің мүддесі бар. «Мен мына адам болғанын жақсы көрем осыны президент қылайық». Өйткені өздеріне жайлы болады. Ана ел ананы айтады, мына ел мынаны айтады.  Ал енді біз келесі президентімізді заңды түрде халық сайлаған президент болуы керек. Оны тек қазақ халқы сайлауы тиіс. Заман әлдеқандай болып кетеді өйткені. Әлемде бүкілі сапырылысып жатыр. Экономика да құлдырап жатыр әлемде. Басқа да саяси жағдай да соғыс тұтанып жатыр әр жерде. Осындай заман тыныш кезде былайша айтқанда күн жарықта сайлауымызды өткізіп, әрбір азамат өз таңдауын білдіруге жағдай туындап отыр.

Телеканал Хабар 24