384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Өскеменде 1700 бейнебақылау камерасы орнатылады

  • 526
  • UPD: 09:00, 14.04.2019
Өскеменде 1700 бейнебақылау камерасы орнатылады

Алдағы уақытта Өскемен қаласына «Сергек» бейнебақыалу камералары орнатылады.

Қазір теханикалық жұмыстар жасалып жатыр. 1700 құрылғы алынып қойған. Олар негізінен, жолдардың қиылысы мен жекелеген аумақтарға және адам көп шоғырланатын жерлерге орнатылады.   Бүгінде облыстық жедел басқару орталығында жүзге жуық бейнебақылау құралы  тұрақты жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде облыс орталығындағы әрбір үшінші құқық бұзушылақ осы бейнебақылау жүйелері арқылы әшкере болған. Сондықтан полиция қызметкерлері «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша орнатылатын «Сергек» бейнекамералары қоғамдық тәртіпті реттеуге үлкен көмек тигізеріне сенімді. Ал камералар алдағы маусым айының біріне дейін толық қосылады.

Гүлнұр  Түсіпова, қалалық полиция басқармасы  баспасөз қызметінің инспекторы:

- Қазіргі уақытта Өскемен қаласы бойынша жедел басқару орталығында 97 камера қызмет көрсетеді. Аталған камералардың арқасында бізде осы үш айдың ішінде 19 қылмыс ашылып, 3 мыңға жуық әікмшілік құқық бұзушылық тіркелді. Ал енді «Сергек» камерасы қосылғанда бұдан да көп жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын.

Телеканал Хабар 24