379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Петропавлдағы зираттар сенімді басқаруға берілді

  • 75
  • UPD: 15:32, 14.04.2019

Енді алдағы 5 жыл жерлеу жұмыстарын бір компания жүргізеді. Олар мола маңын абаттандырып, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға да міндеттелді.

Соңғы жылдары өлілердің мәселелесін тірілер көтеріп, біраз былықтың беті ашылған еді. 

Мы зимой приехали когда, вот эта оградка вообще вот тут стояла...

Татьяна Кузеванова әке – шешесінің басына келіп, жағасын ұстады. Олардың орнына басқа бір адам жерленген. Қала тұрғынының айтуынша, мұндай мысалдар өте көп.

Татьяна Кузеванова, қала тұрғыны:

- Тіпті келушілерге арналған үстелді алып тастап, көр қазады. Қоршаудың ішіне де адам жерлегенді көрдік. Масқара ғой. Тәртіп жоқ.

Осы сөздің рас-өтірігін тексеру үшін зерттеу жүргіздік. Қалада жерлеу рәсімімен 4 компания айналысады. Солардың біріне барып, қызметтерін жасырын камераға түсіріп алдық.

- Если хотите поближе А, Б, В сектор то будет от 240 тысяч тенге.

– Это какой район.

– Возле часовни...

Жерлеу бизнесі қызып тұр. Қалтаңыз көтерсе, агенттіктер соңғы сапарды басынан аяқ ұйымдастырып береді. «Төр» орындарға бөлек баға.

- Они эти цветочки снимали, переделовали и заново здесь на Караванной выстовляли...

Бейіт басында да бизнес. Өлілердің тыныштығын тірілер бұзады. Марқұмдардың гүлін ұрлап, қайта сататындар да бар екен. Биыл зираттар бірінші рет сенімді басқаруға берілді. Олар «қабір қазу үшін ғана ақы аламыз» дейді.

Ирина Скоробогатова, серіктестік директорының орынбасары:

- Зиратта «VIP» орындар жоқ. Жер тегін беріледі. Біздің қызметіміз  көр қазу ғана. Ол санитарлық талаптарға сай жүргізіледі. Жағдайы төмен отбасыларға жеңілдік жасаймыз. Сондықтан оның бәрі бос сөз.

Сенімді басқару бюджетке де үнем. Қалалық әкімдік зираттарды күтіп ұстау үшін жылда 7 млн теңгеден бөлетін. Өткен жылы бір компания тендерді 1 тиынға жеңіп алып, қызмет көрсету сапасы сынға ұшыраған еді. 

Анатолий Мишин, қала әкімінің кеңесшісі:

- Зираттарды сенімді басқаруға алған компания бір айда абаттандыру жұмыстарын бастап кетті. Қоршау қойып, камералар орнатты. Енді айналасын көгалдандырмақ.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бір сөзбен айтқанда, зираттарды ретке келтіру керек. Міне жол да жоқ, күл-қоқыс та шашылып жатыр. Енді онымен алдағы 5 жыл бір ғана компания айналысады. Сонымен қатар биыл жергілікті мәслихат жерлеу рәсімінің бәріне ортақ тәртібін бекітпек.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев

Телеканал Хабар 24