379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Павлодар облысында дала өртінің қаупі сейілді

  • 58
  • UPD: 17:24, 15.04.2019
Павлодар облысында дала өртінің қаупі сейілді

Павлодар облысында дала өрттері жиілеп кетті. Бірнеше күн бойы жалындаған оттың беті бүгін қайтты.

Себебі жауын жауып жатыр. Мамандардың хабарлауынша, қазір тілсіз жау шарпыған аумақтың көлемі анықталып жатыр. Жалпы сәуір айының басынан бері табиғи өртке қатысты 100-ден астам шақырту түскен. Маусымдық өрт ошақтары Павлодар қаласының аумағынан бөлек Ақтоғай, Шарбақты аудандары және Екібастұз, Ақсу шаһарларының маңында анықталды. Қазіргі уақытта салалық мекеме мамандары оқиға орындарында тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Синоптиктердің хабарлауынша, бірнеше күннен соң күн ысып, жалын қайта өршуі мүмкін. Сондықтан аймақтағы өрт сөндіру бекеттері мен еріктілер құрылымдарының техникасы сақадай сай. Далалық және ормандық жерлер ғарыштан бақыланады. Жалпы былтырғы жылдың осы кезеңінде 117 өрт болып, 115 гектар жер жанды. Шығын көлемі 2 млн теңгеден асқан.

Алексей Двинянин, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Алдын ала болжам бойынша өртке тұрғындардың абайсыздығы себеп. Құрғақ шөпті қасақана өртеу деректері туралы айтылса да, қолымызда нақты айғақтар жоқ. Соңғы екі тәулікте шабындық жерлерде 20 өртену дерегі тіркелді. Бүгінде қала аумағындағы саяжайларды бақылауға алып, рейд жүргізуді бастадық.

Телеканал Хабар 24