377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елорданың білім басқармасы желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды

  • 117
  • UPD: 14:32, 17.04.2019
Елорданың білім басқармасы желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы күндері ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап балаларды балабақшаларға топтау кезегі басталады деген ақпарат таралып жүр.

«Сол себепті  «ЗАИНТЕРЕСОВАН» деген бастырманы дер кезінде басып қалу үшін таңғы сағат 6-дан бастап е.astana сайтында отыру қажет. Балабақшаның номерін де білу керек. Сонда балабақша орындарын таратқанда оны бірден тауып алуға болады», - делінген хабарламада.

Білім басқармасы аталған ақпаратты жоққа шығарды. «Білім басқармасы тарапынан бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Жоспар бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға топтауды 2019 мамыр айының ортасында көздеп отырмыз, ол туралы ақпарат алдын ала міндетті түрде ата-аналарға бұқаралық ақпарат құралдары мен Нұр-Сұлтан қаласының ресми ресурстары арқылы хабарлаймыз», - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Жазира Асанова.

Айта кетейік, білім басқармасының ресми интернет ресурсы - bilim.astana.kz, әлеуметтік парақшаларда - /bilimastana. Сонымен қатар бүгінгі таңда елордалық балабақшаға жолдама алу электронды мемлекеттік қызметтер көрсету порталы арқылы (e.astana.kz порталын атаусыз тек сілтеме ретінде көрсету) (ЭЦҚ арқылы) 24/7 режимінде қолжетімді.

Телеканал Хабар 24