379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Nur Otan партиясының кезектен тыс ХIХ съезіне Алматыдан 46 делегат қатысады

  • 305
  • UPD: 20:14, 18.04.2019

Бұл туралы қалалық филиалдың кезектен тыс конференциясында айтылды. Алматыда  Nur Otan партиясының 20 аумақтық бөлімшесі мен 345 бастауыш партия ұйымы бар.

Шара барысында Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың XVIII съезінде көтерген «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Халыққа көмек» жобаларының іске асыру барысы талқыланды. Азаматтардың күнделікті өмірінде туындайтын өзекті мәселелерді шешуге бағытталған «Халыққа көмек» жалпыұлттық жобасы аясында қалалық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесі заман талабына сай жаңғыртылып, халыққа бірыңғай әлеуметтік терезе қағидатымен қызмет көрсетуде. Ол egov жүйесімен және партияның орталық аппаратымен бір цифрлық жүйеге қосылған.

Бауыржан Байбек, Алматы әкімі:

- Қоғамдық қабылдауға түсетін шағымдар саны үш есеге азайған. Бұл алматылықтардың партия жұмысына деген сенімін білдіреді. Ұйымның  әр мүшесі, «Бакытты отбасы» бағдарламасының жүзеге асуын назарда ұстауы тиіс. Көпбалалы отбасыларды қолдауға 5 миллиард теңге бөлдік. Мамыр айында алғашқы 200 пәтер пайдалануға беріледі. 

Рахман Алшанов, Nur Otan партиясы XIX съезінің делегаты:

- Өтетін съезде маңызды сұрақтар қаралады. Негізгі басты сұрағы жаңа президенттікке кандидатты ұсыну. Сондықтан Елбасы өзі партияның жетекшісі үлкен тапсырма берді. Үлкен сенім артып отыр осы съезге. Алдымызда үлкен әлеуметтік бағдарлама тұр айтылғандай. Соның бәріне лайықты, соның бәрін алып кететін, лидер сайлауымыз керек.

Телеканал Хабар 24