378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қостанай облысында балық қайтадан қырылды

  • 249
  • UPD: 21:03, 18.04.2019

Қостанай облысында бірнеше өзен-көлде балық қырылды. Олардың жалпы салмағы 400 келіден асады.

Қазір балық өлекселері жиналып, арнайы орындарға көмілді. Судан және өлі балықтан зертханалық сараптама жасау мақсатында сынама алынған. Алайда әлі қорытындысы шыққан жоқ. Мамандардың болжамы бойынша мұз қалың қатқандықтан су маржандарына оттегі жетпеген болуы мүмкін.

Таңат Смайлов, облыстық балық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Әкімдіктің табиғат пайдалану басқармасына ұсыныс жасадық. Мұз ерігенге дейін тиісті іс-шараларды жүргізіп, балық қырылу жағдайының алдын алу туралы. Сол іс-шара басқарма тарапынан орындалған жоқ. Егер алдын алғанда мұндай жағдай болмас па еді.

Телеканал Хабар 24