378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қостанайға қонған ұшақтардың дөңгелегі асфальт төсенішінің ойығына кіріп кеткен

  • 204
  • UPD: 21:49, 18.04.2019

Қостанай әуежайында бір күнде екі ұшақтың тосын жағдайға ұшырауына  асфальтты бетон төсенішінің тозығы жеткендігі себеп.

Мамандардың бастапқы болжамы осындай. Ал нақты салдарын арнайы комиссия анықтамақ. Қазір  ұшып, қону жолағының бір бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алдымен  Нұр-Сұлтан қаласынан Қостанай әуежайына келіп қонған  жолаушылар ұшағы тұраққа бет алған сәтінде асфальт төсенішінің шеті опырылып, ойыққа бір жақ доңғалығы түсіп кеткен. Кешке таман оған көмекке келген екінші ұшақ та соның кебін киді.

Руслан Орынбеков, Қостанай облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Тиісті мамандардың бірлесіп атқару жұмыстарының арқасында ешқандай төтенше жағдайға жол берілген жоқ. Құтқару жұмыстары кешкі сағат сағат 10-ға дейін жалғасып, , кешкі сағат 10-да бәрі сәтті болып аяқталып, екі ұшақта өз бағыттары бойынша тиісті жолаушылармен бірге өз бағыттарымен ұшып кеткен болатын.   

Мағауия Қалиев, тілші:

- Қостанай әуежайының ұшып, қону алаңы 30 жылдан бері жөндеу көрмеген. Сондықтан асфальтты бетон төсенінішінің әбден тозығы жеткен. Тек коммуналдық меншікке өткеннен кейін ғана, былтыр 144 мың шаршы метр аумаққа жөндеу жұмыстары басталды.

Бұл нысан халықаралық әуежай саналғанымен ұшып, қону жолағының қысқалығынан  заманауй  әуе кемелерін қабылдау мүмкін емес еді. Енді оны жоба бойынша 2500-ден  3 мың метрге дейін  ұзарту көзделіп отыр.

Анатолий Семаев,  Қостанай халықаралық әуежайы директорының орынбасары:

-Жаңғыртылған ұшып, қону жолағы, түріне, салмағына қарамай, ірі деген ұшақтарды шектеусіз қабылдай алады. Яғни Қостанай әуежайы шынымен халықаралық дәрежедегі әуе қақпасына айналатын күн де алыс емес.

Әуежай алаңдарын қалпына келтіру жұмыстары жоба бойынша алдағы қараша айында аяқталуы тиіс. Ал ұшып қонатын жолақ қыркүйек айында іске қосылады.  

Михаил Бабхоев, мердігер:

- Ұшақ жолының құрылысына ең соңғы үлгідегі геосинтетикалық, полимерлі  материалдар қолданылады. Бұл  оның беріктігін, төзімділігін қамтасыз етеді. Жұмыс сапасына  5 жылға кепілдік береміз.

Алдағы маусым айынан  Қостанай әуежайы қайта жаңғырту жұмыстарына кемінде үш айға жабылады. Бірақ АН-24 сияқты шағын ұшақтарды қабылдау үшін қосыша жолақ қалдырылады.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Телеканал Хабар 24