378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қырғызстанда тігілетін мектеп формасына елімізден сұраныс жоғары болып тұр

  • 151
  • UPD: 23:04, 18.04.2019

Қазақстанда жыл сайын қырғыз елінде тігілген 100 мыңнан аса оқушы киімі сатылады екен.

Көрші елде өнімнің осы түрін шығаратын 20-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Соңғы жылдары мұнда білім министрлігінің талабы бойынша мектептер оқушылар киімнің бірыңғай үлгісіне көше бастады. Жергілікті тігін өнеркәсібі дереу осы талапты орындады. Фабрикалардың көбісі жеке меншік, өнімінің бір бөлігін Қазақстанға экспорттайды. Мұның бірнеше себебі бар. Ең алдымен бағасы арзан. Бірінші сынып оқушысына қажет киімнің түгелі 7 жарым мың теңге шамасында тұрады. Көтерме бағасы одан да төмен. Арзан болғанымен сапасы да тәуір.  

Қанат Темірбеков, тігін кәсіпорнының директоры:

- Жұмыс істеп жүргенімізге 15 жылдан асты, нарықта беделіміз бар. Үнемі сапалы өнім шығарамыз және тұтынушыларға екі жылға кепілдік береміз. Мектеп киімі осынша уақытқа жарамды, бір жылда түрі өзгермейді,  тозбайды.

Телеканал Хабар 24