378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Семейлік жастар сайлауға байланысты пікірталас өткізді

  • 207
  • UPD: 22:01, 19.04.2019

Семей тұрғындарының 85 мыңы 16 және 29 жас арасындағы азаматтар. 9 маусымда өтетін кезектен тыс сайлауда олардың 70 мыңы өз таңдауларын жасамақ.

Маңызды науқан қарсаңында аймақтың белсенді жастары «Біз жаспыз, біз тандаймыз!» аталатын диалогтық алаңда пікірталас өткізді. Онда 18 жасқа толып алғаш рет дауыс бергелі отырған азаматтарға сайлау учаскелеріндегі дауыс беру тәртібі мен заңнамалар түсіндірілді. Жиналғандар замандастарын алдағы сайлауға бір кісідей келіп, қатысуға шақырды.

Алмас Айтмұқаш, «Жас Отан» жастар қанатының  қалалық бөлімшесінің жетекшісі:

- Басты шарамыздың мақсаты – бұл жастарға сайлау учаскелерінде қалай дауыс беру керектігі және де жастарымыздың кезектен тыс сайлаудың бұл жастардың болашағы үшін, Үкіметтік орындардың барлығы қазір жаса командалармен жасақталып жатыр. Ол біздің мемлекетіміздің жаңа буындарын тәрбиелеуде және жаңа Қазақстанды дамытуғадағы үлкен бір септік деп бьілемін.

Нұрлан Төлеутаев, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенті:

- Қай салада болмасын, спорт саласы, білім саласы, ғылым саласыбіз әрдайым Қазақстанның дамыған 30 мемлекет қатарына кіру үшін бар күш жігерімізді салып, аянбай еңбек етеміз. Және сайлау жайында ойым, мен биыл сайлауға бірінші рет қатысқалы отырмын және өзімнің құрбы достарыма барлығы сайлауға келіп, бірге дұрыс шешім қабылдайық деп шақырғым келеді барлық жастарды.

Телеканал Хабар 24