378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елімізде еңбек қауіпсіздігі ережесін бұзу жиілеген

  • 186
  • UPD: 21:55, 19.04.2019
Елімізде еңбек қауіпсіздігі ережесін бұзу жиілеген

Биыл  300-ден аса жерлесіміз жұмыс орнында жарақат алды. Бұл былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда 4 процентке көп.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» бағыты бойынша комиссия мүшелері осындай мәліметтермен бөлісті. Депутаттар елордадағы тігін кәсіпорнында көшпелі отырыс өткізіп, жұмысшылардың еңбек жағдайымен танысқан. Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекованың айтуынша, Қазақстанда жұмысшылар  заңмен толықтай қорғалған. Тек әркім еңбек шартына қол қоймас бұрын оны мұқият оқып шығу керек.

Жанат Омарбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі:

- Біз заңнамалық деңгейде бәрін бақылап отырамыз. Жол картасы әзірленген. Ондай құжатты әрбір өндіріс орнында жасау керек. Сонда еңбек адамының құқы жан-жақты қорғалады. Біз қауіпсіз өндіріс орнына ғана емес. жұмысшылардың арнайы формамен қамтамасыз етілуіне де назар аударуымыз керек.

Телеканал Хабар 24