379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қордайдағы апаттан қаза тапқан тағы бір жолаушының жеке тұлғасы анықталды

  • 268
  • UPD: 18:22, 20.04.2019
Қордайдағы апаттан қаза тапқан тағы бір жолаушының жеке тұлғасы анықталды

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ірі жол апатынан қаза тапқан тағы бір жолаушының жеке тұлғасы анықталды.

«Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасынан көз жұмған тағы бір азаматтың кім екені белгілі болды. Ол Қазақстан азаматы», - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бүгін «Алматы-Ташкент» автожолының бойында ірі жол апаты болып, 11 адам қаза тапты. Тағы 5 адам ота үстелінде, ал 3 адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Қазір облыста жедел штаб құрылған. Психологтар кезекшілігі қосылған «қауырт желі» +7 (7262) 513575 және +7 (7262) 514167 жұмыс істеп тұр. ІІМ мәліметінше, апатқа ұшырағандар арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар.

Телеканал Хабар 24