378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


QNET компаниясына 10 жыл толды

  • 363
  • UPD: 21:58, 20.04.2019

Әлемдік нарықта 21 жылдан бері танымал QNET (кюнет) тікелей сатылым жобасы біздің елде де табысты жұмыс істеп келеді.

Көптеген жанның кәсіппен айналысуына мүмкіндік жасап отырған компанияның Қазақстандағы бөлімшесі өзінің 10 жылдығын атап өтіп, жұмыстағы нәтижелерімен бөлісті.

10 жыл аралығында компанияның тәуелсіз өкілдері көптеген қазақстандыққа табыс табу жолын көрсетіп, әлемдік бренд тауарларды сатудың тиімді жүйесін қалыптастыруды үйретті. QNET-тің мүмкіндіктерін кәсібінің негізі етіп таңдағандар бүгінде бизнес-мектеп ашып, шетелге саяхаттауға жолдама иеліп жүр.

Әлия Адельбаева, «Халықаралық консалтинг бюросы» ЖШС директоры, QNEТ компаниясының қазақстандағы агенті: 

- Қазақстанда жұмыс істеген 10 жылда  қиындықтар да болды, бірақ оларды жеңуге болатынына көз жеткіздік. Қазір табысқа жеткенімізді аңғардық. Кәсіпті аяққа тұрғызу оңай емес. Неден бастарын білмей жүргендер де бар. Біз оларға жол көрсетіп, пайда табуға үйреттік.

Қайырымдылық жасау QNET компаниясының негізгі бағыттарының бірі. 10 жылдық мерейтойда компания дәстүр бойынша балалар үйіне су тазалайтын сүзгі сыйға тартты.

Ләззат Әскерғалиқызы, «Жанұя» мамандандырылған кешенінің басшысы:

- Ол кісілер бізге қамқоршылық көрсетіп, біздің балаларға жыл сайын көмек көрсетіп тұрады. Қайырымдылық көмек көрсетеді. Өйткені біздің «Жанұямызда», жетім және ата анасынан қамқорлығынан айрылған балалар тәрбиеленеді. 000208 бүгінгі берген сыйлығына үлкен рахмет айта отырып, осы мекеменің қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін.

Компанияның маркетинг жобасы да қарапайым. Кез келген адам танысып, бағын сынап көруіне болады.

Қуаныш Армиянов, QNET компаниясының тәуелсіз өкілі:

- Сайттан өзіне ұнаған тауарларын онлайн түрде төлемақы жасау арқылы өздеріне сатып ала алады. 10 жыл ішінде компания Қазақстан жерінде өте үлкен сатылымға келіп отыр. Өте көптеген адамдар осы бизнестің арқасында жеке кәсіп ретінде көптеген ақша табуда.

Мерекелік шарада балалар үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев

Телеканал Хабар 24