379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қордайдағы жол апатына байланысты тергеу жүріп жатыр

  • 267
  • UPD: 21:45, 20.04.2019

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Жамбыл облысының Қордай ауданында жантүршігерлік жол апаты болды. Қайғылы оқиғадан бірнеше адам көз жұмды.

Арасында шетелдіктер де бар. Қалың елдің қабырғасын қайыстырған жағдайға байланысты қазір тергеу жүріп жатыр.

Жол апаты бүгін таңғы сағат 5-тер шамасында болған. Алматы-Ташкент автожолының 181-шақырымында «Тойота» маркалы көлік жүк машинасына соғылады. Артта келе жатқан автобус оны жанап өтіп, аударылып қалған. Оқиға орнында 8 адам, ауруханада тағы 3 адам көз жұмды. 32 азамат медициналық мекемелерге жеткізілген.

Марат Жұманқұлов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- 13 жатқызылды, 11 амбулаторлық емге жіберілді. Жан сақтау бөлімінде 3 науқас жатыр. 1 науқасқа операция жасалды. Жағдайы ауыр бірқалыпты. Қалған екеуінің де жағдайы бір қалыпты. тиісті жабдықтармен аурухана толықтай жабдықталған. 7 жедел жәрдем автокөлігі тартылды. Санавиация арқылы біздің дәрігерлер осы ауруханада жұмыс жасады. 3 адам жергілікті жері бойынша ем алуға жіберіліді.

Апатқа ұшырғандар арасында қазақстандықтармен бірге  Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің азаматтары бар. Денелері елдеріне жеткізіледі. Жедел штаб құрылған.

Бекболат Орынбеков, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

-11 адамға қайтыс болған сверка жасап, анықтап біттік. Ең бірінішіден жаңағы айтып отырғандай оның ішінде басым бөлігі Өзбекстанның азаматы болып отыр. Оған арнайы психологтар дайындадық. Қазір сот  сараптамалық жұмысы аяқталды. Енді денені апаруға Қазақстан бойынша арнайы көліктерді дайындап біз отырмыз. Қорытындысын алғасын адамдар жеткізілетін болады.

«Шұғыл желі» құрылды. Психологтар тиісті көмектерін көрсетеді.  Жантүршігерлік оқиға бойынша ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалған.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Аршын Кемелжан

Телеканал Хабар 24