379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Атырауда тұлғалар аллеясы ашылды

  • 192
  • UPD: 22:33, 20.04.2019

Аллеяда ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар қайраткерлердің ескерткіш мүсіндері қойылған.

Мұнайлы өңірдің перзенттері академик Зиман Салық пен Зейнолла Қабдоловтың, жазушы Әбіш Кекілбаевтың бейнесі алыстан менмұндалайды. Сондай-ақ арқалы жырау Мұрат Мөңкеұлы, «Алаш» қозғалысының қайраткері Бақтыгерей Құлманов, этнограф ғалым Мұхамбет-Салық Бабажанов сынды зиялылардың бейнесі сомдалған. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған шаруалардың бір парасы ғана.

Абзал Талтенов, Х.Досмұхамедов атындағы атырау мемлекеттік университетінің ректоры:

- 8 мыңдай студент оқиды- осы жерден аталардың алдынан өткен сайын, осы кісілерге бой түзеп өссе деген, осы кісілер сияқты отанын сүйюге, елге адал қызмет жасауға ұмтылса ол біздің білім беру мен қатар, рухани жастарды тәрбиелейміз деп есептейміз.

Телеканал Хабар 24