378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам адам операциядан кейінгі оңалтуға мұқтаж

  • 180
  • UPD: 22:32, 21.04.2019

Бурабай баурайында өткен «Шипажай-2019» IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумына қатысушылар осындай дерек келтірді.

Жиында шетелден келген мамандар мен отандық дәрігерлер саланың сан түрлі мәселелерін ортаға салып, оларды шешу жолдарын талқылады. Дамир Берікұлы баяндайды.

Бурабайға Қарағанды облысының Ақадыр ауылынан келген Любовь әжей, осыдан тура 3 жыл бұрын жүрегіне күрделі операция жасатып, бір өлімнен аман қалған жан. Қазір зейнеткер, осындағы шипажайлардың бірінде оңалту ем-шараларын алып жүр. Әжей, елімізде науқастарға осындай жағдай жасалып жатқанына дән риза.

Любовь Ивашечкина, зейнеткер:

- Маған артальный клапанның орнында жануардың клапанын салды. Тірі нәрсені тірісіне салды. Өте күрделі операция болды. Мен алты ай сайын сол кардиологический центрге барып емделдім. Мені шақырып жүрді өздері. Осы жерде де өте жақсы. Мен ойлаймын мен жүрген жерде жақсы адамдар кездеседі. Медперсонал өте жақсы. Тамағы жақсы, тазалығы өте жақсы. Ауаның өзі қандай?

Халықаралық форумның биыл Бурабайда өтуі тегін емес. Өйткені бұл өңірде 15 шипажай бар. Олар бір мезетте 3 мыңға жуық адамды қабылдай алады. Осы жылы тағы бірнеше реабилитациялық нысан іске қосылмақ. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, тек Бурабай ғана емес, еліміздің әрбір аймағының медициналық оңалту шараларын үйлестіруге әлеуеті зор.

Алексей Цой, ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының жетекшісі:

- Еліміздегі 17 облыстың әрқайсысы өзінше ерекше. Барлығы да қонақтарды табиғатымен тамсандырып, емдік орындарымен әйгілі бола алады. Сондықтан шипажай ісін әрбір аймақта дамыту маңызды. Бұл тұста Президент Іс басқармасы Медицина орталығының біріккен шипажайлары үлгі болуға тұрарлық.

Бұған дейін еліміздің шығысында жақсы дамыған пантамен емдеу әдісі, енді Бурабайда да кеңінен таралады. Себебі, жақында осындағы марал шаруашылығының жанынан емдеу орталығы ашылмақ. Ол үшін мұнда 200 бас бұғы әкелінген.

Ерлан Жәкімкәрімов, пантамен емдеу орталығының бас дәрігері:

- Бізде пантадан сұйықтықтар мен тұнбаларды дайындайтын арнайы мамандар болады. Олар күніне шамамен 20 литр өнім дайындайды. Ал, емдеу орталығы бір мезетте 10 адамды қабылдай алады.

Форум барысында шет елдерден келген мамандар да өз тәжірибелерімен бөлісті. Ал Қазақстандағы медициналық реабилитацияны дамыту мақсатында ҚР Президенті Іс басқармасының медицина орталығы, «Қазақ-туризм» Ұлттық компаниясы мен Венгрия елшілігі ортақ меморандумдарға қол қойды.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный, Евгений Шинкаренко

Телеканал Хабар 24