378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Түркияда оқитын қазақстандық дінтанушылардың құрылтайы өтті

  • 265
  • UPD: 01:47, 24.04.2019

Жастар теріс діннің жетегінде кетпеуі тиіс. Араңдатушы ағымдарды олар жақсы тануы қажет. Түркиядағы қазақстандық дінтанушылар құрылтайына қатысқан қазақ жастары осындай пікірде. Олар тамырлас елдегі білімін тамамдап, елімізде әртүрлі терiс бағыттағы діни ағымдар идеологиясына қарсы қорғаныс қабiлетiн қалыптастыруға үлес қоссақ деп отыр.

Анадолы жерінде алғаш рет «Түркияда оқитын қазақстандық дінтанушылардың құрылтайы» өтті. Келелі жиынға Түркиядағы елшіміз бастап, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы қостап 200 де аса делегат қатысты. Жастар жылы аясында ұймдастырылған басқосуда елімізде дерадикализация саласын күшейту мәселесіне дінтану мамандарын жұмылдыру керектігі айтылды. Бұл ретте шет елдік тәжірибені тиімді пайлану жолдары қарастырылды.

Наурызбай Тағанұлы, ҚМДБ бірінші наиб муфтиі:

  - Біздің мақсатымыз осында теология бағытында оқып жатқан студенттермен байланысты орнату және ары қарай дамыту. Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының жанында «Талаба» қауымдастығы бар. Бұл қауымдастық сыртта оқып жатқан теологиялық бағыттағы біздің студенттермен байланысты орнату. Сондай-ақ, экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дәстүрлі білім алуына қолдау жасау, елге оралғаннан кейін жұмыспен қамтамасыз ету.

Жиында Түркияда дінтану факультеттерінде білім алып жатқан магистр-докторанттар өздерінің диссертациялық жұмыстарын баяндап, жинаған ғылыми тәжірибелерімен бөлісті. Қазақ жастарының мақсаты  -  халық арасында дәстүрлі дінді насихаттау. Сонда ғана жат ағымдарға қарсы күрес жемісін бермек.

Жанұзақ Әлімгерей, дінтану мамандығының магистранты:

- Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет өтіп жатқан шара. Мұндағы егізгі мақсатымыз, Түркияда білім алған жастардың елімізге пайдалы болуын, дін саласын дамытуын, әсіресе, дінтану дегенде халқымыз мешіт төңірегінде қалды. Мұны өзгертіп,  академиялық тұрғыдан көзқарасты қалыптастыру. Осы жолда зерттеулер жүргізу. 

Жиын соңында қатысушылар құрылтайды дәстүрлі түрде Түркияның өзге қалаларында ұйымдастыруға уағдаласты.

Авторы: Меруерт Қанағат

Телеканал Хабар 24