378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Әлеуметтік жәржемақы беру үшін 129 мың адамның құжаты мақұлданды

  • 188
  • UPD: 17:47, 24.04.2019
Әлеуметтік жәржемақы беру үшін 129 мың адамның құжаты мақұлданды

Сәуір айынан бастап аз қамтылған көп балалы отбасыларға 21 мың теңгеден асатын жәрдемақы беріледі.

Қазір 129 мың адамның құжаты мақұлданды. Бұл туралы елорда тұрғындарымен кездесу барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеді. Бердібек Сапарбаев негізі мұндай қолдауға кем дегенде 830 мың қазақстандық ие болатынын жеткізді. Аталған жәрдемақы әрбір балаға кәмелеттік жасқа толғанға дейін төленеді. Егер ол жоғарғы немесе арнаулы оқу орындарында білім алатын болса онда тиісті төлем 23 жасқа дейін беріледі.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Қазірдің өзінде біз республика бойынша 700 мыңға жуық жәрдемақыны көбейту жөніндегі арыздарды алдық. Қазір енді олардың табыстары жөнінде жұмыстар жүріп жатыр. Барлық жергілікті билікке тапсырма берілген. Міндетті түрде барлығы 1 сәуірде арыз беруге міндетті емес. Осы айдың аяғына дейін беруге болады. Бірақ жәрдемақы 1 сәуірден бастап төленеді.

Телеканал Хабар 24