378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елордада IV еуразиялық халықаралық кітап көрмесі ашылды

  • 275
  • UPD: 23:47, 24.04.2019

Шараға қазақстандық баспалардан бөлек шетелдік 90 компания қатысып жатыр.

Олар өздері басып шығарған жинақтарды келушілердің назарына ұсынып, жергілікті әріптестерімен ынтымақтастық орнатуда. Мәселен, көрме аясында қазақстандық «Шығыс әдебиеті және өнері» баспасы Қытайдың халық университетімен өзара ықпалдастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Сондай-ақ тараптар былтыр қытай тілінде жарық көрген «Ғылыми даму» жинағының қазақша нұсқасын көпшілікке таныстырды. Болашақта аудармашылар  қазақтың салт-дәстүріне қатысты кітаптарды да қытай тіліне тәржімалауды жоспарлап отыр.  Айта кетейік, жоба «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының шеңберінде жүзеге асты.

Телеканал Хабар 24